Тәрбие жұмыстары

1-3 курс студенттерінен темпераментін анықтау мақсатында тест алынған болатын. Нәтижесінде колледж студенттерінің 38% сангвиник, 25% флегматик, 22% холерик, 15% меланхолик екендігі анықталды.

Мінез құлқы және даму қабілеті туралы І курс студенттері арасында жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмысты жүргізудегі мақсатымыз студенттердің мінез құлқын және даму қабілетін анықтау болатын. Нәтижесінде мінез құлқы нашар және даму қабілеті нашар балалар анықталып, олар есепке алынып, жыл бойы жұмыстар атқарылатын болады.

 

Жас мамандардан «Сіз қандай мұғалімсіз?» сауалнамасы алынды. Нәтижесінде тестке барлығы 14 жас маман қатысты. «Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?» деген сұраққа 88% жүрек қалауымен деп, 12% кездейсоқ деп жауап берген. «Сіз үшін мұғалімнің жұмысы?» деген 100% керемет жұмыс деп жауап берген. Жас мамандардан «Сіз қандай мұғалімсіз?» сауалнамасы алынды. Нәтижесінде тестке барлығы 14 жас маман қатысты. «Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?» деген сұраққа 88% жүрек қалауымен деп, 12% кездейсоқ деп жауап берген. «Сіз үшін мұғалімнің жұмысы?» деген 100% керемет жұмыс деп жауап берген.

 

«Жас келсе, іске» тақырыбында жас мамандарға арналған тренинг өткізілді.  Тренингті өткізудегі мақсатымыз жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, айналамыздағы адамдармен қарым- қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз? Өзімізді өзіміз танимыз ба?- деген сауалдарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Тренингке колледжіміздің жас мамандары қатысып, жас мамандарға «мюнстерберг» әдістемесі өткізілді. Нәтижесінде 60% 6 баллмен, 30% 5 баллдық жүйемен және 10% 4 балдық жүйемен бағаланып, зейіндерін осылайша анықталды.

 

Қыркүйек айында І курсқа қабылданған студенттердің ата- аналарымен жиналыс жасап, колледжіміздің ішкі тәртіп ережелері, бірінші курс білімалушылардың жаңа өмір жағдайларына бейімделуі, колледжге үйренісулері тақырыбында  кеңес беріліп, ата- аналардан сауалнама алынған болатын.

 

І курс студенттері осы тақырып бойынша дәрістерге қатыстырылды. Дәрісте психикалық денсаулық туралы ақпарат алу, өз- өзіне көмсектесу бойынша кеңестер, стресс және дағдарыс, депрессия және суицид туралы ойлар, досың қиындыққа тап болса, қалай көмектесуге болады, кімнен кеңес жіне көмек сұрауға болады деген сияқты тақырыптар түсіндірілді.

 

Колледж педагогтарына «Жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез- құлықтың алдын -алу » бағдарламасы бойынша дәрістер өткізілді. Дәріске колледжіміздегі пеагог қызметкерлер қатысып, түсінбеген сұрақтарын қойып талқылады.

 

Қиын студенттермен жекелеген түзету жұмыстары жүргізіліп отырады. Колледж инспекторымен бірлікте тәртібін, сабаққа қатынасын тексеріп, ата- аналарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі.

1 қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті, 1 курс студенттеріне «Мен-өз Отанымның патриотымын!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді

 

Колледж студенттерінің ата-аналарына колледж студенттерінің құқығы мен міндеттері, ішкі тәртіп ережелері, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстап білу мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді

 

Колледж студенттері ұстаздарға арнап концерттік бағдарламалар өткізді

 

Халықаралық темекіге қарсы күніне орай топ сағаттары мен тәрбие сағаттары өткізіліп, Темекіге қарсы күніне орай қалалық дәрігерлермен кездесу өтті.

 

21- наурыз күні  барлық ұжым қалалық Наурыз той тойлады

 

Жаңаөзен жастар орталығының ұйымдастыруымен  «Өз қолыммен» атты қалалық көрме өткізілді.

 

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша әр аптаның сенбі күні жоспар бойынша сенбілік ұйымдастырылуда

 

Колледжіміздің аз қамтылған, жартылай жетім, тұлдыр жетім студенттеріне ыстық тамақ ұйымдастырылып, олардың дұрыс тамақтануы қадағаланды.

 

Жаңаөзен қалалық «Алға» мүгедек спорт клубына саяхат өткізілді. Саяхатқа колледжіміздің мүгедек отбасы балалары барып қуанып қайтты.